"Ашық есік күні"
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті азаматтар!
2026 жылғы 19 маусым күні Қызылорда облыстық нотариалдық палатасында сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін «Ашық есік күні» өткізіледі.
Іс-шара барысында азаматтарға нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі, құжаттарды ресімдеу, мұрагерлік, сенімхаттар, келісімдер және нотариат қызметіне қатысты өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар беріледі.
Барлық ниет білдіруші азаматтарды қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Қызылорда облыстық нотариалдық палатасының ғимараты
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 66-үй
Күні: 19 маусым 2026 жыл
Уақыты: 12:00–15:00
Қызылорда облыстық нотариалдық палатасы.
17 июня 2026 г. | Автор публикации: admin
← На главную